53 миллион теңге мөлшерде қаражатты жымқырған.
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. Ол осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторында қамауда отыр.