Алашордашылардың 12 томдық жинағы жарық көреді

Nur-Altay Umirzak

Бұл жинақтарда Алашорда қайраткерлеріне арналған материалдар мен істердің барлығы алғаш рет жарияланғалы отыр

Сурет: dalanews.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі ретінде «Алашорда ісі» деп аталатын 12 томдық жарық көретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz..

«12 томда жарияланатын материалдардың көбісін алаштанушы ғалымдардың өздері әлі көрмеген. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық. Қазірдің өзінде сол 12 томның 8 томы баспадан шықты. Қалған 4 томы басылуда. Мұнда Алашорда қайраткерлеріне арналған материалдар мен істердің барлығы алғаш рет жарияланады, ғылыми айналымға алғаш рет енгізілгелі отыр. Бұл 12 том алдағы бірнеше онжылдықтарға ғалымдарға біраз азық болатын материалдар. Осының негізінде талай диссертациялар, зерттеулер, кітаптар жазылып, фильмдер түсірілетін болады», –  деді Мемлекеттік кеңесші.

Бұл жинақ алдымен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарына жіберіледі.