Ол заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қазіргі таңда ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеріп, елге экстрадициялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.