Шымкентте есірткі зертханасы анықталды

Nur-Altay Umirzak

Зертханадан 240 литр химиялық заттар және лабораториялық құрал жабдықтар мен дайын өнімдер табылған

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Шымкентте есірткі зертханасы анықталып жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде жойылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ҰҚК қала аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі қала тұрғынын ұстаған.

“Тінту барысында олардан 10 кг-ға жуық «Альфа PVP» есірткі затының ұнтақ өнімі, 60 литрге жуық сұйық өнім, 240 литр химиялық заттар және лабораториялық құрал жабдықтар мен дайын өнімдерді кептіруге арналған сөрелер тәркіленді”, – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарламасында.

 Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.