Атасының атына көше сұрайтындар көп – Мемлекеттік кеңесші

Qaz365.kz редакциясы

Біреулер аталарына құрмет көрсеткісі келіп ықпал етеді.

Фото: ашықдереккөзден

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Qazaqstan телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында өңірлердегі елді мекен, көшелерге атау берген кезде ықпал ететін жайттарды сөз етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кейінгі жылдарда ономастикалық шешімдерді қабылдау құзыреті өңірлерде болды. Әр аймақ өзі шешім қабылдады. Біз заңға өзгерістер енгізу арқылы бұл істі орталықтандырдық. Енді аймақтар шешімді министрліктермен, Президент әкімшілігімен ақылдаса іске асырады. Егер жүз көшеге атау берілсе, соның он пайызы ғана адам есімін алуы керек», – дейді Ерлан Қарин. 

Ерлан Қаринның айуынша, жергілікті ру, отбасы деңгейіндегі адамдардың есімі беріліп кеткен көшелер өңірлерде өте көп. 

«Кейбір өңірлерде көше атауларын тағайындаған кезде жергілікті жердегі белгілі бір топтардың, ықпалды бір адамдардың жетегінде кетіп жатады. Біреулер өз аталарына құрмет көрсеткілері келіп, ықпал етеді, тіпті қысым жасап, осындай шешімдеріне әсер етеді. Бір кішкентай ауылда көшенің атауын ауыстырғанда біреу өзінің атасының атына өзгерте салады. Сондықтан біз бір тәртіппен қарап жатырмыз», – дейді мемлекеттік кеңесші.