Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
Жаңа жылдан, 2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті.
"Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады", – делінген Үкімет қаулысында.
Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
2024 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері төмендегідей соманы құраған:
• І топ үшін – 95 496 теңге;
• ІІ топ – 76 397 теңге;
• ІІІ топ – 52 089 теңге.