«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша «Шайн мускат» жүзімі үлгілеріне зертханалық сараптама нәтижесін жариялады, деп хабарлады Qaz365.kz.
“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш”, – делінген сараптама нәтижесінде.
Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес «Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған.