«Бұл бір рекорд»: 278 сағат уақыт өткеннен кейін Хатай тұрғыны үйіндінің астынан шығарылды

Qaz365.kz редакциясы

Алайда телеарна тілші Хатай қаласында жедел жәрдем көліктерінің қозғалысы азайғанын өкінішпен жеткізді

стоп-кадр

Жер сілкінісінен 278 сағат уақыт өткеннен кейін  40-45 жастағы  Хакан Йасин есімді хатайлық тұрғын үйіндінің астынан аман-есен шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CNN TURK-ке сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінен 278 сағат өткеннен кейін  40-45 жастағы  Хакан Йасин есімді Хатай тұрғыны үйіндінің астынан аман-есен шығарылды. Бұл  бір рекорд», - деді CNN TURK тілшісі Енвер Каптаноглы.

Алайда телеарна тілші Хатай қаласында “жедел жәрдем” көліктерінің қозғалысы азайғанын өкінішпен жеткізді.

Вице-президент Фуат Октай дәл қазіргі уақытта 200-ден астам ғимаратта  құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.