Украина және Ресей кезекті рет тұтқындармен алмасты

Qaz365.kz редакциясы

Украина 101 адамды босатып алды

pixabay

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Телеграмм» желісінде бейсенбіде Украина мен Ресей кезекті рет тұтқындармен алмасқанын жазды. Бұл туралы Qaz365.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Украина босатып алған 101 адамның ішінде әскери қызметшілер, Ұлттық гвардия мен шекарашылар және бір азаматтық тұлға бар.

Жергілікті БАҚ босатылған азаматтық тұлға Энергодар мэрінің бірінші орынбасары Иван Самойдюк екенін жазған. Ол 333 күн тұтқында болды.