Түркияда зілзала құрбандары 39,6 мыңнан асты

Qaz365.kz редакциясы

20 мыңнан астам құлаған ғимараттың орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді

Ашық дереккөздерден

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті. Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимараттың орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты.