Рио-де-Жанейродағы Иса мәсіхтің әйгілі ескерткіші Түркия және Сирия туларымен әрленді - видео

Qaz365.kz редакциясы

Осылайша Түркия мен Сирияда зілзаладан қайтыс болғандардың рухына құрмет көрсетті

Видеодан кадр

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Иса мәсіхтің әйгілі ескерткіші жойқын зілзала құрбандарын еске алу мақсатында екі елдің туының түсіне боялды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«Бразилия осылайша Түркия мен Сирияда зілзаладан қайтыс болғандардың рухына құрмет көрсетті», - делінген агенттік хабарламасында.