Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы үш жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін пара алған.
“Сот үкімімен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды”, – делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.