Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Nur-Altay Umirzak

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк ерекше дизайндағы 1000 теңгелік коллекциялық монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Екі түрлі дизайнмен шыққан монеталардың бірі – “ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI”, екіншісі – “FATIMA QOLY”  деп аталады.

  • “ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Орталық Азиядағы ең ірі Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Монетада арабша жазу бар, ол мұсылманша амандасу сөзі. Монета құрамында 925 сынамды күміс бар. 1 мың данамен таралатын монета 25 қарашада сатылымға шығады.
  • “FATIMA QOLY” монетасында әртүрлі ұлттардың мәдениетіне тән ашық алақан бейнеленген. Мағыналық тұрғыдан бұл «тұмар» деп есептеледі. Монета 925 сынамды күмістен жасалып, алтын жалатылған. 3 мың данамен таралатын монетаны 28 қарашадан бастап сатып алуға болады”, –  делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.