Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Бұл санатта ұйымдасқан топтар әрекетінің жолын кесіп, зардап шеккендер анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады. Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 116-бап бойынша 22 іс, адам ұрлау – бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс , кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау – 6 іс, адамдарды жезөкшелікке мәжбүрлеу – 13 іс, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға притондар ұйымдастыру – 119 іс”, — деді Шынар Көшербаева.
Шынар Көшербаева халықаралық баяндамалардың бағалауы бойынша Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша елеулі күш-жігер жұмсайтын елдердің екінші санатына кіретінін айтты.