Болат Назарбаевтың меншігінде болған Алматыдағы қымбат нысан саудаға шығарылды

Qaz365.kz редакциясы

Нысанның бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге

Фото: Qaz365.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бірінші президенттің туған бауыры, былтыр өмірден өткен Болат Назарбаевқа тиесілі болған кеңсе ғимаратын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Орда.кз сайтына сілтеме жасап.

Аукционға шығарылған 1700 шаршы метрлік ғимарат 0,4 гектар жерімен бірге Бостандық ауданында орналасқан. Ғимарат 1953 жылы салынып, 1997 жылы толық жөндеуден өткен.

«Нысан өте ыңғайлы жерде, Алматының дәл ортасында, қаланың әкімшілік, сауда, мәдени орталығында орналасқан. Нысанға жақын жерде елдің ең үдік жоғары оқу орындары орналасқан», – деп жазылған нысанды бағалаушылардың қорытындысында.

Екі қабатты нысанның бағасы 1,8 млрд теңге. Оның гаражы, автотұрағы бар. Нысан аумағында ағашы, жасы шөбі өскен. Оның жөндеуіне аз ақша жұмсалмағаны көрінеді.

Ғимараттың ішінде керемет элитарлы көрінеді. Интерьерлік шешімдері алтынмен жалатылғандай қымбат: қабырғалар мен төбелерде монограмма мен өрнектер, мәрмәр едендер, алтын жалатылған баспалдақтар, үлкен аспашамдар тұр. Алтындай жарқыраған ішкі тұсы нысанға сыған мәнеріндей рең береді. Бір қарағанда, оны жай кеңсе деп айта алмайсыз. Алайда барлық бөлмелер осылай көрінбейді.

Құжаттар бойынша бұл ғимаратты 2019 жылы сол жылы құрылған "BN Invest Capital" ЖШС сатып алған. Оның құрылтайшысы және жетекшісі Болат Назарбаев болған. Компания бүгінгі күнге дейін бар, бірақ оны дәл осы атаумен табу мүмкін емес. 2023 жылдың ақпан айында ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы Қуат Ахметов деген азамат болған. Жаңа иесі бола отырып, ол ЖШС атауын DBS-Trade Company деп өзгерткен, ал жеті айдан кейін компанияны жаңа құрылтайшы ретінде Ферманас Асратовке сатқан. 

Кәсіпорын клиенттерге коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес береді. Ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес, ЖШС дәл осы ғимаратта тіркелген.  

Нысанның бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге.