Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 7 жылға сотталды

Nur-Altay Umirzak

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 54 млн теңге

Сурет: altaynews.kz

Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 7 жылға сотталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшылардың атынан банктік құжаттарға қол қойып, ақшаны өз шоттарына заңсыз аударған. 

“Мемлекетке келтірілген шығын 54 млн теңгені құрады. 49 млн теңге иемденді деп айыпталған "Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтері Сот 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлады Ақтөбе Облыстық прокуратурасы.

"Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп – тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық істер  залалдың өтелуіне байланысты тоқтатылған.