Журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды

Qaz365.kz редакциясы
фото: ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Вадим Борейконың айтуынша, бұл ақпаратты құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағанбетова растаған. Құқық қорғаушының мәліметі бойынша, журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, оны СИ-18 тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырған.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандық журналист Михаил Козачков рейдерлік басып алу бойынша қылмыстық ісіне қатысы бар деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын.