Пойыздардың кешігуіне қатысты шағым көп.
Үкімет отырысында Нұрлан Сауранбаев пойыздардың кешігетінін мойындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевқа премьер-министр Олжас Бектенов сұрақ қойды.
«Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағым көбейіп кетті. Қандай шара қабылдап жатырсыздар?» - деп сұрады Бектенов.
Сауранбаев кемшілікті мойындады. Оның сөзінше, мәселе компанияның ерекше бақылауында.
«Жол жөндеу жұмыстарымен және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты сондай жағдай туындайды. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын екі есе көбейттік. Жолаушылардан бұған кешіріммен және түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Нұрлан Сауранбаев.