Қазақстанда IT компаниялардың саны 18 мыңнан асты

Nur-Altay Umirzak

IT мамандардың орташа айлық 673 мың теңге

Сурет: gov.kz

Қазақстандық IT мамандардың жалақысы 54%-ға өсті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, елімізде IT саласында еңбек етушілер саны 16 пайызға артқан.

Елімізде IT компаниялардың саны 18 мыңнан асты, олардың саны кейінгі үш жылда 16%-ға өсті. Осы уақыт аралығында IT мамандардың жалақысы 54%-ға өсті, орташа айлық 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын көрсетеді», - деді министр Үкімет отырысында. 

IT (ақпараттық технологиялар) компаниялары әртүрлі технологиялық қызметтер мен өнімдерді ұсынады.IT компаниялардың қызметтері технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, түрлі салалардағы (денсаулық сақтау, қаржы, білім беру) бизнеске инновациялық шешімдер ұсынады.