Қазақстандағы 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді

Nur-Altay Umirzak

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек

Сурет: dzen.ru

Еліміздегі 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2 800 шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды”, – деді  Көлік министрі Марат Қарабаев.

Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өткен. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыру көздері пысықталып жатыр.