Ресейдің орнына Украина туы көрсетілген: Астанада қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылады

Әлеуметтік желіден

Кеше әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылған видео тараған еді. Аталмыш жағдай бойынша іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

«Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше осы оқиғаның алдында Астанаға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен ұшып келген еді.