Түркістан облысында кен іздеушілер құны 500 миллион өнімді заңсыз ұрлаған

Nur-Altay Umirzak

Олардан экскаватор, жүк тиегіш, төрт жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген

Сурет: bent.kz

 Түркістан облысында кеншілер құны жарты миллиард теңгелік бағалы қиыршық тастарды ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады.

“Түркістан облысында кен іздеушілер заңсыз өндіру жұмыстарын жүргізген төрт адам ұсталды. Олар қиыршық тасты өндірумен және сатумен айналысқан. Залал 437 млн теңгеге бағаланды. Олардан экскаватор, жүк тиегіш, төрт жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген Ішкі істер органының хабарламасында.

 Түркістан облыстық полициясы қылмыстық іс қозғап, іс материалы тіркеліп сотқа жолданған.