Әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайыздық мөлшерлемесі өзгереді

Nur-Altay Umirzak

Бұл өзгеріс медсақтандыруға жарналарды аудару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты болып отыр

Сурет: gov.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы өзгереді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тиісті бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланған.

2024 жылға арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ комиссиясының сыйақы мөлшерлемесі қор қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимит шегінде қордың шотына түскен активтер сомасының 1,60%-ы мөлшерінде белгіленсін, — делінген құжатта.

Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндіргендей, қордың комиссиялық сыйақысы 2024 жылғы 1 маусым мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттің маусым айынан бастап міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды аудару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 1,18%-дан 1,60%-ға дейін өседі.