«Жанайқайымыз сол болды»: Дәулет Мұқаев қымбатшылықты қалай сезінетінін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Коммуналдық қызмет 31 пайызға қымбаттаған

Фото: ашық дереккөзден

Депутат қымбатшылыққа байланысты балаларына жарық пен суды үнемдеуді үйрете бастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс кулуарында Qaz365.kz тілшісі депутаттан «Қымбатшылық сізге қалай сезіліп жатыр?» деп сұрады. 

«Орысша айтқанда «крик души» дейді ғой. Мен қаржылық сауат маманы болғаннан кейін барлық нәрсені өзім есептеймін. Коммуналдық қызметтің өзі мәселен, 31 пайызға қымбаттаған екен. Қараша айында төледім. Былтырғы қараша мен қазіргі қараша салыстырсақ солай. Үйдегі балаларыма да «суды үнемдейік, жарықты үнемдейік» деп айта бастадым. Үнемдеуге келе жатырмыз. Тамақ та қымбат. Орташа айлықтың статистикаға сүйенсек, қателеспесем, 56-58 пайызын азық-түлікке жібереміз», - деп жауап берді Дәулет Мұқаев Парламентте.

«Қандай тауарлардың қымбаттағанын тұтынушы ретінде сезіндіңіз?» деген сұраққа Мұқаев «бірінші кезекте бәрін» деді. 

«Одан кейін жылу. Ұялы телефонның да тарифі едәуір қымбаттады. Сапаны арттырамыз деп тағы да қымбатшылық жасап жатыр. Яндекс таксидің өзі қымбаттап кетті. Бұрын 800 теңгеге баратын жеріме қазір 1400-1500 теңге төлеп жүрмін», - дейді депутат.