Қазақстанда заңсыз темекі, алкаголь өнімдерін жасау дерегі тоқтамай тұр

Nur-Altay Umirzak

Қазір аталмыш деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 17 фактісі қаралып, 18 әкімшілік іс жүргізіліп жатыр

Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстанда  үш күнде 7 тоннадан астам заңсыз спирт өнімі мен 160 мыңға жуық акцизі жоқ темекі қорабытәркіленді. Жалпы соңғы кездері заңсыз темекі, алкаголь өнімдерін жасау дерегі тоқтамай тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ішкі істер органдарының жедел тексерісінен кейін160 мыңға жуық акцизі жоқ темекі қорабы, 26 мыңнан астам вейп және олардың 34 мыңға жуық картриджі заңсыз айналымнан шығарылған.

“Қазір ел аумағында алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мәселен, Павлодар облысында 30 жастағы тауар иесі ұсталды. Тәркіленген бұйымдардың жалпы сомасы 150 млн теңге көлемінде.Ал Алматы облысындағы жекеменшік үйде орналасқан жасырын цехтан жалпы құны 4 жарым млн теңгеден асқан 3 тонна 225 литр заңсыз алкоголь өнімі табылды”, – делінген ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде.

Қазір аталмыш деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 17 фактісі қаралып, 18 әкімшілік іс жүргізіле басталған.