ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Nur-Altay Umirzak

Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған

Сурет: Polisia.kz

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар”, – делінген ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде.

Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.