Қазақстан 40-тан астам елге астық экспорттайды

Nur-Altay Umirzak

Биыл экспорт әлеуеті 12 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр

Сурет: egemen.kz

Қазақстан 40-тан астам елге жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеп отыр.

Астық экспорттауда біздің ел  Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис елдері дәстүрлі нарық саналады.

Биылғы қараша айының соңындағы жағдай бойынша 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты 2,37 млн тонна, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық. Оның ішінде:

  •  Өзбекстанға жеткізілім 42%-ға артып, 944 мың тонна болды, былтыр 665 мың тонна болған.
  •  Тәжікстанға жеткізілім 49%-ға өсіп, 2023 жылғы 254 мың тонна биыл 377 мың тоннаға жетті.
  •  Қытайға экспорт көлемі 17%-ға өсіп, өткен жылғы 304 мың тонна биыл 355 мың тонна болды.
  •  Ауғанстанға жеткізілімдер көлемі 71%-ға ұлғайып, өткен жылғы 67 мың тонна биыл 115 мың тоннаға жетті.
  •  Иранға экспорт көлемі 10 мың тоннадан 30 есеге артып, 299 мың тонна болды”, – делінген  Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдемесінде.

Биыл экспорт әлеуеті 12 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр.