Боранбаевтан қайтарылған сауда орталығының орнына музей салынатын болды

Nur-Altay Umirzak

Сауда орталығы 2023 жылдың қазан айында нысан Қайрат Боранбаевтан мемлекет меншігіне қайтарылған

Сурет: wikicity.kz

Боранбаевтан қайтарылған «Алмалы» сауда орталығының орнына музей салынады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты.

“Балаларға арналған ғылым музейінің құрылысы 2025 жылы басталады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз”, – деді қала әкімі.

«Алмалы» сауда орталығы «Қаңтар» оқиғасы кезінде қиратылып, жұмысын тоқтатқан. Ал 2023 жылдың қазан айында нысан Қайрат Боранбаевтан мемлекет меншігіне қайтарылды.