Қазақстанда тәтті сусындардың әр литріне 100 теңге салық салу ұсынылды

Nur-Altay Umirzak

Қазір құзырлы мемлекеттік органдар салық сомасына қатысты ұсынымдарды талқылауда

Сурет: MilkwoodRestaurant.com

Қазақстанда тәтті сусындар қымбаттауы мүмкін. Өйткенітәтті сусындардың әр литріне 100 теңге салық салу ұсынылдыдеп хабарлайды Qaz365.kz.

2026 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту концепциясы бекітілген. Соған сәйкес тәтті сусындарға салық салу көзделіп отыр. Бұлай деп Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

“Министрлік тәтті сусынның бір литріне шамамен 100 теңге акциз салуды ұсынып отыр. Бұл тәтті сусындардың сатылымы азайтып, өз кезегінде таза су сатып алатындардың үлесін 40 пайызға дейін көбейтеді”, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Қазір құзырлы мемлекеттік органдар акциз сомасына қатысты ұсынымдарды қызу талқылауда. Ұсыныс қолдау таба ма, жоқ па – мұны уақыт көрсетеді.