Хатай провинциясында болған жер сілкінісі түрік телеарналарының эфиріне түсіп қалды
Түркияның Хатай провинциясында 6.4, 5.8 және 4 балдық үш жер сілкінісі болды. Оқиға орнында жүрген CNN Turk телеарнасының тілшісі қорқынышын жасыра алмай, тікелей эфирде жылап қалды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.
“Адам сенгісіз жер сілкінісі болды. Біз шатырлар құрылған қалашықта едік. Қирап жатқан ошақты көрдіңіздер. Балалар қатты қорықты. Біз қатты қорықтық”, - деді Бусе Девірен.
Түркия билігі Хатай провинциясының тұрғындарына теңіз жағалауынан алшақта болуды сұрады. Жер сілкінісінен соң теңіздің деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп кеткен.