Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Qaz365.kz редакциясы

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Respublica партиясы Kinopark кинотеатрлар желісімен бірлесіп балаларға арналған қазақ тілінде «Моана 2» мультфильмін тегін көрсетуді ұйымдастырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өткізу орны мен уақыты: Астана қаласы, Kinopark желісінің кинотеатры, «Сарыарқа» СОО, 11 желтоқсан, сағат 14:00.

«Екі қаладағы шоу 400-ге жуық көрерменді, соның ішінде мектеп оқушыларын, студенттерді және ерекше қажеттіліктері бар балаларды жинайды. Respublika партиясының тең төрағасы Руслан Берденов жас көрермендерге құттықтау сөзін арнайды», - делінген партия хабарламасында.

Бұл жоба Kinopark желісінің қолдауымен жүзеге асырылуда және жас қазақстандықтар үшін әлемдік анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған.