Адвокаты Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Адвокат Асқар Қаймақов әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтарды хабарлады.

видеодан скриншот

Адвокат Асқар Қаймақов Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адвокат Асқар Қаймақовтың хабарлауынша, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен Қылмыстық кодекстің 202 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Нұрымов бөтеннің мүлкін қиратты деген айыпқа ілінді.

«Біздің өкілдер Қаржаубайды ұстау туралы полиция ақпарат таратқандай өтініш берген жоқ. Туған-туыстары да Нұрқанаттың жазбасын таратуды рұқсат бермеген. Қаржаубайдың 15 күнге қамалуын заңсыз деп санаймыз. Шағым түсіреміз», - деді адвокат.