Алматы әуежайындағы көлік тұрағының тарифтері қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Тұрақта 15 минутқа дейін тұру тегін, алайда бұл мүмкіндік күніне екі рет қана беріледі

Сурет: Qaz365.kz/ B. Karipov

Алматы әуежайындағы көлік тұрағының тарифтері қымбаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, вокзал алаңы мен жабық автотұрақ кешеніне 2025 жылы 1 қаңтардан бастап жаңа тарифтер енгізіледі.

Жаңа тариф бойынша қызмет құны төмендегідей:

  • Тұрақтың 1 сағаты 600 теңге. Бір сағаттан асып кетсе 850 теңге төлейді.
  • 2 сағаттан 4 сағатқа дейін - 1 200 теңге;
  • 4 сағаттан 6 сағатқа дейін - 1 800 теңге;
  • 6 сағаттан 12 сағатқа дейін - 2 800 теңге;
  • 12 сағаттан 24 сағатқа дейін - 4 200 теңге;
  • 24 сағаттан асып кетсе, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін – 6 000 теңге.
  • Тұрақта 15 минутқа дейін тұру тегін, алайда көлік күніне екі рет қана тегін кіріп-шыға алады.

Әуежай тарифтерді тұрақ қызметін жақсарту мақсатында көтермек. Тарифтерді арттыру есебінен әуежай басшылығы көлік тұрақтарын жаңаратып, келушіге барынша ыңғайлы етуді көздеп отыр.