Оның жумыстан кетуіне стадиондағы қардың тазаланбауы себеп болған
Алматыдағы «Орталық стадионның» басқарушысы қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы хабарлады.
Алматыда өткен «Астана» мен «Челси» футбол клубтарының арасындағы ойынды көруге барған жанкүйерлер стадиондағы орындықтарда қар тазаланбағанын жариялаған.
«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз», — делінген хабарламада.
Кеше өткен матчта «Астана» командасы Лондоннан келген «Челсидің» қосалқы құрамына 1:3 есебімен есе жіберді.