Президент Тоқаев әскерге шақырылған азаматтармен жолықты

Nur-Altay Umirzak

Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Жетісу облысында жүр

Сурет: Aкorda.kz

Тоқаев әскерге шақырылған азаматтармен әңгімелесіп, оларға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz

Президент бүгін жұмыс сапары барысында Жетісу облысындағы Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды.

“Елге қызмет ету – азаматтық борыш. Бұл – өте маңызды жұмыс, қасиетті парыз. Үлкен әскери мансаптарға жетіп, генерал атаныңыздар. Азаматтық міндетті абыроймен атқарыңыздар. Антқа адал болыңыздар”! – деді Мемлекет басшысы.

Отан алдындағы борышын атқаруға кіріскелі жатқан жас сарбаздар құрамы Президенттің жүрекжарды тілегіне алғыс айтып, Отан қорғауға ант берді.