Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Nur-Altay Umirzak

Президент бұйрығымен жүзден астам жұмысшылар мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсынылған

Сурет: Aкorda.kz

Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақорда бүгін мәлімдеме жасады.

“Жарлық бойынша 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды””, – делінген Ақорда мәлімдемесінде.

Қазақстан Республикасы Президенті бұл Жарлығын “Энергетик күні” қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін  шығарған.