Енді көлік жылдамдығы жоғары болған сайын, айыппұл сомасы да артады

Qaz365.kz редакциясы
фото: ашық дереккөзден

Көлік жылдамдығын белгіленген межеден бірнеше есе арттырғандарға салынатын айыппұл сомасы өседі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Әділет министрлігі ашық талқыға шығарған «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған.


 «Көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын (60 км/сағ) қосымша 40-80 километрге арттыру 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал белгіленген жылдамдықтан 80 және одан астам шамаға арттыру 40 АЕК (138 000 теңге) мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер үшін 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады», - деп көрсетілген жаңа редакцияда.