«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

Nur-Altay Umirzak

Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған

Сурет: zakon.kz

«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігеріне қатысты үкім шығарды.

“Олар «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Келісімшарттың олқылықпен жасалған және берілген аванс ысырап етілген. Жоба бойынша жұмыс басталмаған. Олар 8 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында.

Сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.