Жауапты мамандар ақаудың нақты себебін, анықтап, мәлімдеуге уәде беріп отыр
– «Астана аймақтық электр желілік компаниясы» елорданың ішінара жарықсыз қалуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Астананың Байқоңыр ауданында электр жарығы өшіп қалғаны туралы мәліметтер мен суреттер тараған болатын. Бұл мәліметті қаланы электр қуатымен жабдықтауға жауапты компания растады.
«Астана» 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуатының ажырауы орын алды. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр», - делінген Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Компания мәліметі бойынша, жарықтан ажыраған үйлердің кейбіріне қазірдің өзінде электр қуаты қайта қосыла бастаған.
Сондай-ақ жауапты мамандар ақаудың нақты себебін, анықтап, мәлімдеуге уәде беріп отыр.