Үш айда 14 рет ұрлық жасаған атыраулық жігіт ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Ол ұрлағандарын сату үшін әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап отырған

Сурет: Tyt.by

Атырау облысында үш ай бойы ұстатпай жүріп, бірнеше рет мал ұрлаған жігіт 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Облыстық полиция басқармасы жедел іздестіру нәтижесінде Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны қолға түсірген.

“Ол 3 айда 14 мәрте ұрлық жасап, 34 ірі қараны қолды қылған. Мал иелеріне 5 млн теңге шығын келтірген. Ұрыдан мал сатып алған тұрғындар да анықталды. Күдіктінің бар кінәсі анықталып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – делінген полиция хабарламасында. 

Ол ұрлаған ірі қараны сату үшін әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап отырған.