Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар енді айыппұл арқалайды

Nur-Altay Umirzak

Бұған дейін Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар тек ескерту алып келген

Сурет: KMG International

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін енді ескерту берілмейтін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілгенін айтты.

Заңнамада:

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.
2. Айыппұл көлемі артты: алғашқы бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;  қайталанса – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.

Бұған дейін Еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандардың жартысынан көбі тек ескерту алып келген.