384 сағат: 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы үйінді астынан шығарылды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: azesputnik

Түркияда жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң құтқарушылар 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі AzeSputnik-ке сілтеме жасап. 

Түркияның жер сілкінген аймағында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 105 мың тұрғын қирандылардың астынан шығарылған. Олардың 15 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылған.

Соңғы мәлімет бойынша зілзаладан 42 310 адам қаза тапқан.