Тоқаев Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Нұрлан Байбазаров бұл лауазымға 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған

primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.  

Нұрлан Байбазаров бұл лауазымға 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған.