Қазақстан өзбек азаматшасын Ресейден экстрадициялады

Nur-Altay Umirzak

Оның қылмыстық ісінен Алматы қаласының 80-нен астам тұрғыны зардап шеккен

Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстандықтардың 3,7 млрд теңгесін жымқырып кеткен өзбекстандық алаяқты Ресейден елге экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

“Күдікті 2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істей отырып, үлестік құрылысқа қатысушылардан ақша қабылдауды жүзеге асырған. Тұрғын үй кешенінің аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша кіріс кассалық ордерлеріне бухгалтерлік есепте көрсетілмеген жалған түбіртектер жазған.Оның және қылмыстың басқа да қатысушыларының әрекеттері салдарынан Алматы қаласының 80-нен астам тұрғыны зардап шегіп, 3,7 млрд теңгеден астам ақшасынан айырылған.Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды”, – деді Бас прокуратура өкілі Асель Беркалиева.

Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бар дүние мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.