Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген

Nur-Altay Umirzak

Қылмыстық топ мемлекетке 400 млн теңгеден астам шығын келтірген

Сурет: Бейнеден кадр

Көкшетауда 55 көлікті заңсыз тіркегендер сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция басқармасы мәлімдеме жасады.
 
Олар жалған төлем мен есеп айырысу құжаттарын қолданып, шетелден әкелінген 55 автокөлікті заңсыз тіркеген.

“Сот шешімімен кінәлі деп танылғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың Астана мен Көкшетау қалаларындағы жалпы құны 90 млн теңгеден асатын бірнеше пәтері мен Көкшетау қаласындағы үйі тәркіленді”, – делінген Полиция мәлімдемесінде.

Қылмыстық топ мемлекетке 400 млн теңгеден астам шығын келтіріп, осы көлемде міндетті төлемдер мен салықтары төленбеген.