Бұл туралы мәселе бүгінгі Мәжіліс отырысында көтерілді
Шекара бекеттерінде рұқсат бланкілерін белгісіз біреулер сатып алып «қара нарықта» қымбатқа сатып келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл мәселені депутат Айтуар Қошмамбетов бүгінгі Мәжіліс отырысында көтерді.
“Бланк тапшылығы жасанды жолмен туындап отырған. Енді тәртіп өзгереді. Бланкілер белгілі бір азаматқа, белгілі бір көлік нөміріне беріледі. Бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Жаңа жүйе 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап іске қосылады”, – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, мұндай бланкілер бір айға ғана беріледі екен. Олар бір ай ішінде пайдаланылмаса, айыппұл қарастырылған.