Елордада шетелдіктер ломбардты 46,5 млн теңгеге тонап кеткен

Nur-Altay Umirzak

Полиция оларды Орал қаласында құрықтаған

Сурет: Polisia.kz

Астанада шетелдік ұрылар ломбардтан жалпы құны 46,5 млн теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады.Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген полиция хабарламасында.

Олар 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған.