«Апатқа ұшыраған ұшаққа санкцияның қатысы бар ма» – Абзал Құспан жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Депутаттың пікірінше құстардың шоғырына соғылған

Фото: Pixabay

Ақтауда 52 жолаушысы бар Az Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы ақпарат тараған еді. Осы оқиға жөнінде тілші Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспанға сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
«Ресейлік ұшақ болса, санкцияның әсерінен құлауы мүмкін бе» деп сұрады тілші депутаттан.

Мәжілісменнің ойынша бұл оқыс оқиғалардың бірі.

«Біз осы пленарлық отырыс болып жатқан кезде пайда болған ақпарат. Ұшып келе жатқан құстардың шоғырына тап болып соғылды деді. Сондықтан ол жерде санкцияның қатысы жоқ сияқты. Өкінішке қарай, анда-санда болып тұратын оқыс оқиға сияқты»,  – деді депутат.