Енесінің есеп-шотына аудартқан: Атырауда парамен ұсталған шенеунік сотталды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Турар Казангапов

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы кәсіпкерлерден алған параны енесінің есепшотына аудартқан, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау қаласының 2-сотының баспасөз қызметі Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы С.-ға бірнеше рет ірі көлемде пара алу бойынша шығарылған үкім туралы хабарлады. Қылмыстық кодекстің 366 "Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның пара алуы" бабы бойынша іс қозғалған.

Сотта айтылғандай, шенеунік ірі габаритті немесе ауыр салмақты көліктерді облыс аумағы арқылы тексермей, әкімшілік жауапкершілікке тартпай, еркін жүріп өткені үшін кәсіпкерлерден пара алған. 

2020-2022 жылдар аралығында небәрі 13 ЖШС-і бар ол бірнеше рет банктік өтініш арқылы әйелінің, анасының, қайын жұртының есепшоттары арқылы жалпы сомасы 23 миллион 817 мың теңге қаражат алған.

С.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.