Көше сыпыруға міндеттеу: Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер мақұлданды

Nur-Altay Umirzak

Енді қазақстандықтарды балағаттағаны және түкіргені үшін сыпыруға міндеттеледі

Сурет: depositphotos.com

Сенат депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулерді екі оқылымда қарап мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді, қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру және қоғамға құрметсіздік танытатын басқа да әрекеттер жасаған азаматтар үшін көшелерді сыпыру жазасы қолданылады”, – делінген заң жобасында.

Бұған дейін елімізде кешкі сағат оннан кейін елдің мазасын алып, тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл 20 мың теңге, сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңге, мұғалімді не дәрігерді балағаттағандар 39 000 теңге айыппұл арқалайтын болған. Енді бұл жазалар белгілі бір мерзімге қоғамдық жұмыстар жасаумен алмастырылып отыр.